Обменно-резервный каталог |
| rus eng |
| Бас бет Төлем шарттары Iздеу Просмотр заказа Сұраным |
|
Айырбастау-резерв қорының электрондық каталогы
Айырбастау-резерв қоры – Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының кітап қорын сақтау қызметінің құрылымдық бөлімшесі, ол Айырбастау-резерв қоры туралы Ережеге сәйкес қызмет атқарады. Айырбастау-резерв қоры қазақ, орыс және шет тілдеріндегі әмбебап мазмұнды 77 000 дана құжатты құрайды. Қордағы қоғамдық-саяси такырыптағы, тіл білімі, жаратылыстану, техника, медицина, өнер саласындағы, тарихи, көркем әдебиеттер түпнұсқаның қосалқы данасы болып табылады. Қор Қазақстан, ТМД және әлем елдері кітапханаларының қорларын толықтыруға, сондай-ақ тең айырбасқа (Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қорында жоқ басылымдар), заңды және жеке тұлғаларға беруге арнап жасақталған.
2008 жылы ҚР Ұлттық кітапханасының Айырбастау-резерв қорынан Алматы қаласының № 114 орта мектебіне 690 дана кітап, С.Д.Асфендияров атындағы Қазақтың Ұлттық Медициналық Университетіне 8 000 дана кітап берілді.
Қажетті әдебиеттерді іздестіру бір мезгілде бірнеше өріс бойынша жүргізіледі. Таңдап алынған әдебиетке сұраным автоматтандырылған тәртіпте толтырылады |
| Национальная библиотека Республики Казахстан © 2004-2006 | ||||
|